Ninety One тобының концерті Көкшетауда да өтпей қалды

Ninety One тобыны? концерті К?кшетауда да ?тпей ?алды. Концерт ?алада 11 ?арашада ?туі керек бол?ан. Б?л туралы Tengrinews.kz тілшісіне А?мола облысты? м?дениет бас?армасыны? жетекшісі С?уле Бурбаева хабарлады. Сонымен ?атар, ол билеттерді? ?тпей ?алуына байланысты б??ан дейінгі концертті? де ?тпегенін м?лімдеді.

Ninety One тобының концерті Көкшетауда да өтпей қалды. Концерт қалада 11 қарашада өтуі керек болған. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне Ақмола облыстық мәдениет басқармасының жетекшісі Сәуле Бурбаева хабарлады. Сонымен қатар, ол билеттердің өтпей қалуына байланысты бұған дейінгі концерттің де өтпегенін мәлімдеді.

Бурбаеваның айтуынша, концерт біреу-міреулердің тыйым салуына байланысты емес, билеттердің өтпей қалуына байланысты өтпей қалған. "Біріншіден, олар (ұйымдастырушылар) Көкшетаудың Мәдениет үйіне хабарласты. Концерт бағдарламасы 15 қазанға белгіленген. Өкінішке қарай, бұл концертке билет өте аз сатылып, өтпей қалды. Аудитория жиналмай қалып, концерттік бағдарлама өтпеді", - деді ол.

Бурбаеваның айтуынша, ұйымдастырушыларға ол осы себептерді айтқан. "Оларға бұл жағдайдың топ мүшелерінің қиіміне байланысты емес екенін айттым", - деді Ақмола облыстық мәдениет басқармасының жетекшісі Сәуле Бурбаева.

Реклама
Реклама

Еске салайық, осыған дейін топтың концерті Ақтөбе, Қарағанды және Жезқазған қалаларында өтпей қалған. Оған халықтың наразылығы себеп болған. Мәселен, Ақтөбеде он шақты жігіт жиналып, журналистерді жинап, концерттің өтуіне қарсылық білдірген еді. Кейін ұйымдастыршылар концерттің өтпей қалуына байланысты алты миллион теңге талап етті. Ал Қарағанды мен Жезқазғанда бастамашыл топтар концерттік іс-шараны өткізбеуді сұрап, әкімдікке хат жолдаған.

Tengrinews
Автор сұрағы
news1
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама