Нұр-Сұлтанда Ержан Максим жеке концертін берді

Камила Долаева Журналист

Ресейдегі "Голос. Дети" байқауында жарқ етіп жұлдызы жанған Ержан Максимнің кеші аншлагпен өтті, - деп хабарлайды "Хабар 24" тілшісі.

Ресейдегі "Голос. Дети" байқауында жарқ етіп жұлдызы жанған Ержан Максимнің кеші аншлагпен өтті, - деп хабарлайды "Хабар 24" тілшісі.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, 2700 билет толығымен сатылған. 300-дей билет көп балалы аналар мен мүмкіндігі шектеулі азаматтарға тегін таратылды. Жалпы, мерекелік кеш елорданың 21 жылдығына орайластырылған.

Концертте Ержан Максим Ұлықпан Жолдасов, Ренат Гайсин, Сәкен Майғазиев сынды Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлерімен дуэтте ән шырқады. Әндердің басым бөлігі патриоттық сарында. Әлемдік классика туындылары да болды. Концерттің телевизиялық нұсқасы шілденің 7-сі күні "Хабар" арнасында көрсетіледі деп жоспарланған.

Реклама
Реклама

"Елімізде бұрын-соңды дәл 11 жасында үлкен эстрадалық симфониялық оркестрмен жеке шығармашылық концерт беру бірінші рет болып тұр. "Бұлақ көрсең, көзін аш" дейді ғой. Біздің Ержан кішкентай бес жасынан бастап сахнада ән шырқап келе жатыр. Әнші жас талант армандайтындай конкурстардың барлығына қатысты. Оның феномендігі ересек вокалистер орындайтын күрделі классикалық туындыларды шырқауында және соны еш қысылмай, өзінің бүкіл табиғат берген мүмкіндігін көрсетуінде деп мен ойлаймын", - дейді Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының ректоры Асхат Маемиров.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама