06 сәуір 2019 | 10:09

"Ол ән орындағанда стақан шытынап, сынып қалды" - Ержан Максим "Голос. Дети" байқауының финалисі атанды

Камила Долаева Журналист

"Голос. Дети" байқауының қатысушысы, 11 жастағы оралдық Ержан Максим ақтық сынға өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

"Голос. Дети" байқауының қатысушысы, 11 жастағы оралдық Ержан Максим ақтық сынға өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазақстандық өнерпаз Иван Стариков және Ислам Балкоевпен бірге Муслим Магомаевтың "Синяя вечность" әнін шырқады. Ержан Максим партиясын орындап жатқанда студияда су құйылған стақан шырт етіп жарылып кетті. Үш орындаушы арасынан Валерий Меладзе Ержан Максимді таңдады.

Реклама
Реклама

Шығарылым соңында қатысушылар ақтық әндерін орындады. Ержан Андреа Бочеллидің Ama credi e voi композициясын шырқады. Нәтижесінде, тәлімгер Ержан мен Михаил Григорянды таңдады. Екі бала да Меладзенің жанына келгенде Валерий қазақстандықтың қолын алып, "Айналайын" деді. 

Сондай-ақ, бүгінгі эфирде тағы бір қазақстандық өнерпаз Жан Маким ән шырқады. Өкінішке қарай, Меладзе Михаил Григорянды таңдады.

Толық шығарылым:


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная