"Өзіме сенімдімін!": Ержан Максим "Балалар Евровидениесіне" дайындық үстінде

Камила Долаева Журналист
Ержан Максим. Сурет: instagram.com/maksim_erjan

Польшаның Гливице қаласында "Балалар Евровидениесінің" финалына дайындық жүріп жатыр. "Хабар 24" тілшісі Қазақстан атынан өнер көрсететін Ержан Максиммен сұхбаттасыпты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Польшаның Гливице қаласында "Балалар Евровидениесінің" финалына дайындық жүріп жатыр. "Хабар 24" тілшісі Қазақстан атынан өнер көрсететін Ержан Максиммен сұхбаттасыпты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Дайындық жақсы жүріп жатыр. Алаңдап жүрген жоқпын. Шынымды айтсам, мен өзіме сенімдімін. Құрметті көрермендер, қазақстандықтар, маған дауыс беріңіздер. Дауыс беру junioreurovision.tv сайтында ашылды. Өнер көрсетіп болғаннан кейін тағы 15 минут ішінде дауыс бере аласыз. Бәсекелестерімнен Украина, Аустралиядан келген балалар жақсы ән айтады, жалпы барлық қарсыласым күшті", - деді Ержан Максим.

Реклама
Реклама

Junior Eurovision Song Contest байқауын осы жексенбіде сағат 21.00-де "Хабар" телеарнасында тікелей эфирде көруге болады. Ержан Максим сахнаға оныншы, яғни шоудың ортасында шығады. Жас талант "Арманнан қалма" әнін орындайды. Байқаудың ресми YouTube-тегі арнасында Ержен Максимнің видеосын 140 мыңнан аса адам көрген. 

Tengrinews
Автор сұрағы
news135
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная