22 мамыр 2014 21:09

Пол Маккартни Жапонияда емделуде

ПОДЕЛИТЬСЯ

Аты аңызға айналған The Beatles тобының мүшесі британдық рок-музыкант Пол Маккартни Жапония ауруханаларының біріне жатқызылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz  USA Today сайтына сілтеме жасай отырып. 


Аты аңызға айналған The Beatles тобының мүшесі британдық рок-музыкант Пол Маккартни Жапония ауруханаларының біріне жатқызылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz  USA Today сайтына сілтеме жасай отырып. 

Бұған дейін 71 жастағы Пол Маккартни вирустық инфекциямен науқастанғаны үшін өзінің Жапониядағы, Оңтүстік Кореядағы концерттерін кейінге шегерген болатын. Музыканттың жағдайы нашарлап Токиодағы ауруханаға жатқызылды. Дегенмен бұл туралы ресми ақпарат жоқ.

РИА Новости таратқан ақпараттарға сүйенсек, концертті ұйымдастырушылар Пол Маккартнидің Жапониядағы 4 концертінің, Оңтүстік Кореядағы бір концертінің болмайтынын хабарлаған. Келесі айда музыкант АҚШ-та бірнеше шоуға қатысуды жоспарлаған екен. Әзірге бұл жоспарының өзгеретіні немесе өзгермейтіндігі белгісіз. 

Пол Маккартни 1942 жылы 18 маусымда Ливерпульда дүниеге келген. Ол 1960-1970 жылдар аралығында  The Beatles тобының бас-гитаршысы болды. Одан кейін өзінің жеке шығармашылығымен айналысты. 1997 жылы Пол Маккартни музыканы дамытуға қосқан үлесі үшін рыцарлық атаққа ие болды. 2011 жылы Rolling Stone журналы жүргізген сауалнама нәтижесі бойынша Пол Маккартни ең үздік бас-гитаршы деп танылды. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 441.41   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети