Полина Гагарина мен Егор Крид Қазақстанда не таңғалдыратыны туралы айтып берді

Ресейлік поп-?нші Полина Гагарина мен Егор Крид Астана?а EXPO-2017 аясында концертімен келді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. ?нші к?рме та?ырыбыны? ма?ыздылы?ын атап ?тті. Ал, Astana EXPO TV-?а берген с?хбатында ресейлік орындаушы ?зін ?андай экологиялы? м?селелер ала?дататыны ж?не ?аза?станда не та??алдыратыны туралы айтып ?ана ?оймай, бала босан?аннан кейін ?демі ?алып?а келу ??пиясын да б?лісті.

Ресейлік поп-әнші Полина Гагарина мен Егор Крид Астанаға EXPO-2017 аясында концертімен келді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Әнші көрме тақырыбының маңыздылығын атап өтті. Ал, Astana EXPO TV-ға берген сұхбатында ресейлік орындаушы өзін қандай экологиялық мәселелер алаңдататыны және Қазақстанда не таңғалдыратыны туралы айтып қана қоймай, бала босанғаннан кейін әдемі қалыпқа келу құпиясын да бөлісті.

Айтуынша, Астана жыл сайын өзгеріп отырады әрі жылдам дамып жатқан қала. "Меніңше, 10 жылдан кейін Астананы тіпті танымай қаламыз. Нағыз технологиялық дамыған қала болады", - деді ол. Сондай-ақ, әнші табиғатты сақтауда адамзаттың маңызды іс-әрекеттері жайлы ойын айтты. 

Реклама
Реклама

Егор Крид пен Полина Гагаринаның Астанадағы концертіне шамамен 6 мыңдай адам жиналды. Көрермендер жарқын шоуға куә болып, жанды дауыста орындалған әндерді тыңдады. Ал, "Қалыңдық", "Мен қайдамын, сен қайдасың" атты сүйікті әндерін естіген кезде көпшілік ерекше көңіл-күйде болды.

Егор Крид Astana EXPO TV-ға берген эксклюзив сұхбатында Tesla электрокары өзін несімен таңғалдырғаны, неліктен Жапония мен Қытайға барғысы келетіні және Қазақстанда не ұнайтыны туралы айтып берді. 

Tengrinews
Автор сұрағы
news5
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама