PSY Алматыда өнер көрсетті

© Іnstagram.com/ilyinilya4ever

Әлемге Gangnam Style әнімен танымал болған оңтүстіккореялық әнші PSY Қазақстанда концерт берді. 27 маусымда Алматыға ұшып келген ол Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында өнер көрсетті. Концертте Ресейден келген Дима Билан мен қазақстандық Беркут те ән айтты. Кешке танымал спортшы Илья Ильин қатысты. Илья Instagram парақшасында  PSY-дың қазақша шапан киіп жатқан сәті түсірілген видеоны жариялады. Ол оңтүстіккореялық әншімен бірге түскен суретін де жүктеді.

Реклама
Реклама


Беркут, Аиша және PSY. 

PSY Оңтүстік Кореядағы ең танымал әншілердің бірі. Оның Gangnam Style әніне түсірген бейнеаяны екі миллиардтан астам көрілім жинап, YouTube сайтындағы ең көп қаралған видео атанды.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама