Qazaq Quartet Италияда өткен байқауда лауреат атанды

Qazaq Quartet. Сурет жеке мұрағаттан алынды

Алматыдан шыққан ішекті аспапты Qazaq Quartet квартеті Италияда өткен халықаралық байқауда лауреат атанды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Квартеттің мүшелері - Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының студенттері: Тимур Таланов (скрипка), Эльдар Айтбеков (виолончель), Әділет Әбдірахманова (скрипка) және Зарина Сүгірова (альт).

Реклама
Реклама

"Біз квартет болып ақпан айынан бастап ойнай бастадық, квартет құру туралы идея Италиядағы осы халықаралық байқауға негізделген болатын. Құрамға өз ісінің нағыз мамандары шақырылды. Ұжымымыз тым жас болғандықтан, бұл біздің осындай салмақты байқаудағы тұңғыш жүлдеміз, меніңше, жақсы басталған сияқты. Бұл сапар бізді топтастырды, жаңа жеңістерге жету үшін келесі қадамға баруға құлшындырды", - деп өз ойымен бөлісті ұжымның қатысушысы Тимур Таланов.

Музыканттарды байқауға Құрманғазы атындағы консерваторияның ұстазы, доцент Гүлжан Сапарғалиева дайындаған. Айта кетейік, байқауға Италия, Германия, Франция, Чехия, Ресей, Оңтүстік Корея, Қытай мен Сингапурдың талантты жастары қатысты.

 
Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news1
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама