Қазақстан әншісі "Славян базары-2015" конкурсының бірінші күнінде көш бастады

Димаш Құдайбергенов. ©News.vitebsk.cc

Қазақстан әншісі Димаш Құдайберген Витебскте өтіп жатқан "Славян базары-2015" эстрада әндері орындаушыларының XXIV халықаралық конкурсының бірінші күнінде көш бастады. Жас әнші 90 ұпайдың 89-ын алып отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Құдайберген Константин Меладзенің "Опять метель" әнін орындады. Қазылар алқасының Латвия өкілі Интарс Бусулистен басқа мүшелері түгелдей ең жоғары балл берді.

Реклама
Реклама

©News.vitebsk.cc

Екінші орынды әзірше Беларусьтен келген Валерия Грибусова алып тұр. Конкурстың екінші күнінде, 12 шілдеде қатысушылар әлемдік хиттерді, ал үшінші күнінде өз елінің хит әндерін орындайды. 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news2
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама