Қазақстандық әнші Заттыбек Көпбосынұлы ат шаптырып, көкпар берді

Заттыбек Көпбосынұлы. © youtube.com

?аза?станды? ?нші Заттыбек К?пбосын?лы ат шаптырып, к?кпар берді, деп хабарлады otyrar.kz.

Қазақстандық әнші Заттыбек Көпбосынұлы ат шаптырып, көкпар берді, деп хабарлады otyrar.kz.

Порталдың хабарлауынша, биыл ОҚО Бәйдібек ауданының құрылғанына 90 жыл толады. Осыған орай ауданда түрлі іс-шаралар ұйымдастырылып жатыр.

"Кеше Ақбастау ауылының атырабында, Ұлыстың ұлы күні қарсаңында ауданның 90 жылдық мерекесіне орай сазгер, "Ақмаржан" әнінің авторы, әнші, Заттыбек Көпбосынұлының демеушілігімен ат шаптырылып, көкпар өткізілді. Көкпар ойыны басталғанға дейін Ақбастау атырабына арнайы сахна орнатылып, еліміздің эстрада жұлдыздары Ғазизхан Шекербек, Асхат Тарғын, Абай Бегей, Ернар Айдар және Рысдәулетовтер отбасылық ансамбілі әннен шашу шашты", - делінген жарияланымда.

Реклама
Реклама

Сонымен қатар, ауданның әнұранына айналған "Алғабасым" әнін ҚР еңбек сіңірген қызметкері, ауданның Құрметті азаматы, әнші және сазгер Нышан Төлегенов орындады. Сондай-ақ, танымал айтыскер ақын Аманжол Әлтаев ауданның 90 жылдығымен құттықтап, арнау шығарды.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама