"Қазақстанға түкіргенім бар" деген ресейлік әнші кешірім сұрады

"?аза?стан?а т?кіргенім бар" деп тікелей эфирде айт?ан ресейлік "Серебро" тобыны? м?шесі кешірім с?рады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz. Ольга Серябкинаны? видеожолдауы музыкалы? топты? Instagram желісіндегі ресми пара?шасында пайда болды.

"Қазақстанға түкіргенім бар" деп тікелей эфирде айтқан ресейлік "Серебро" тобының мүшесі кешірім сұрады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz. Ольга Серябкинаның видеожолдауы музыкалық топтың Instagram желісіндегі ресми парақшасында пайда болды.

 "Әрине, бұл түсінбестік болды. Мен жаман ештеңе айтқым келмеді және ешкімді де ренжіткім келген жоқ. Мен сұрақтан қашамын деп байқамай айтып қалдым... Mortal Kombat ойнағандар біледі, ойын өзіне тартып әкетеді де, айналаңда не болып жатқанын елемейсің. Олар сұрақты ойынның қызған тұсында қояды, мен тек сұрақтан бас тартқанымды жеткізгім келді. Ал не айтқанымды түсінген кезде тосылып қалдым. Өйткені мен мұндайды ойламаған да едім. Ренжітіп алған адамдардан шын көңілмен кешірім сұраймын. Бұлай болғанына өкінемін. Мені түсінесіздер деп ойлаймын", - деді Серябкина.

 

Реклама
Реклама

Еске салайық, "Мама Люба" хитінің орындаушысы, "Серебро" тобының солисі Ольга Серябкина тікелей эфирде "Қазақстанға түкіргенім бар" деген болатын. Эфир 9 ақпанда 15.00-де RuTv арнасында көрсетілген. Кадрлардан Ольга Серябкинаның "Казахстан...? Плевать на Каз..." дегенін естуге болады. Осыған байланысты әнші сынға ұшырады. 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама