Рэпер Фрэнк Снайдерді Нью-Йоркте белгісіз біреулер атып кетті

Рэпер Фрэнк Снайдерді Нью-Йоркте белгісіз біреулер атып кетті © Facebook/Фрэнк Снайдер

Hollywood Play лақап атымен танымал 35 жастағы рэпер Фрэнк Снайдерді Нью-Йоркте белгісіз біреулер атып кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новости агенттігіне сілтеме жасап.

Hollywood Play лақап атымен танымал 35 жастағы рэпер Фрэнк Снайдерді Нью-Йоркте белгісіз біреулер атып кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новости агенттігіне сілтеме жасап.

New York Post басылымының мәліметінше, музыкант Tavern Lounge клубының жанында тұрған, сол сәтте қара көлік келіп тоқтап, ішінен ер адам шығып, оқ жаудыра бастаған. Рэпердің аяғы мен мойнына оқ тиіп, ауруханаға жеткізілді, алайда дәрігерлер оның қайтыс болғанын анықтады.

Клубтағы барменнің айтуынша, шабуыл Снайдерге жасалған, алайда полиция бұл мәліметті растамай отыр. Басылымның хабарлауынша, рэпердің әлеуметтік желідегі жарияланымдарына қарағанда ол Tavern Lounge клубында туған күніне орай кеш ұйымдастырған.

Жарнама
Жарнама
Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама