Ресейлік әнші Валерий Леонтьев шымкенттік тыңдармандарымен суретке түсуден бас тартты

© tvk-uko.kz

19 мамырда та??ысын ата?ты ресейлік ?нші Валерий Леонтьев ?з музыканттарымен бірге Шымкентке келді. ?нші ?алада концерт ?ткізеді. TVK арнасыны? т?сірілім тобы ж?лдызды ?арсы алып, айналасында?ы музыканттармен тілдесе алды. 

19 мамырда таңғысын атақты ресейлік әнші Валерий Леонтьев өз музыканттарымен бірге Шымкентке келді. Әнші қалада концерт өткізеді. TVK арнасының түсірілім тобы жұлдызды қарсы алып, айналасындағы музыканттармен тілдесе алды. 

"Ұшып келу ауыр болды, ұйықтай алмадық. Көңіл-күй дейсіз бе? Бұл жер тамаша ғой, күн, көк аспан. Біз, ұжымымызды айтамын және Валерий Яковлевич бәріңізді концертке шақырамыз. Сіздерді көруге қуанышты боламыз", - дейді бас-гитарашы Валерий Будилов.

"Біз көптен бері Шымкентте болмадық. 15 жыл болған шығар. Кеше Ақтауда жақсы қарсы алды. Концерт екі сағат болады, тоғыз би қоямыз", - дейді өзге әртіс. 

Реклама
Реклама

Келесі күні Ресейдің Халық әртісі "Түркістан" сарайында концерт беріп, тыңдармандар ықыласына бөленді. 

"Опасные связи" Шоу балеті" бимен сахнаның көркін келтіре түсті. Ал әртістің өзі ән айтумен қоса би де биледі. Алайда әнші өнеріне табынушылармен бірге суретке түсіп, қолтаңба таратудан бас тартты. Дегенмен жұртшылық жалпы концертке риза болды", - деп атап өтті телеарна журналисі. 

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама