28 қараша 2021 09:22

Ресейдің халық әртісі Александр Градский қайтыс болды

Александр Градский. Фото: РИА Новости

Әнші және композитор, Ресейдің халық әртісі Александр Градский 72 жасында қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі lenta.ru порталына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Әнші және композитор, Ресейдің халық әртісі Александр Градский 72 жасында қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі lenta.ru порталына сілтеме жасап.

27 қарашада Градский инсульт күдігімен ауруханаға түскені белгілі болды. Ақпарат бойынша, музыкант қыркүйекте коронавирус жұқтырып, ауырып шыққаннан кейін денсаулығы сыр бере бастаған. 

"26 қарашада, жұмада Градский жақындарынан жуынатын бөлмеге жетуге көмектесуін өтінген. Осы сәтте жағдайы нашарлап, музыкант талып қалып, бір сағат есін жия алмаған", - делінген хабарламада. 

Реклама
Реклама

Александр Градский кеңестік және ресейлік әнші, мульти-аспапшы, ақын және композитор. Ол орыс рок стилінің негізін қалаушылардың бірі. Сонымен қатар, әнші бірнеше жыл "Ресей дауысы" музыкалық шоуына тәлімгер ретінде қатысып жүрген. 3 қарашада Градский 72 жасқа толды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram