27 наурыз 2021 09:44

Скриптониттің жаңа альбомы мерзімінен бұрын жарияланып кетті

© "ВКонтакте" / @scriptonite

Рэп орындаушы, музыкант Скриптониттің (Әділ Жәлелов) жаңа альбомы бірнеше елге жарияланып кетті. Соған байланысты оның премьерасы жоспарланған уақыттан бір апта бұрын өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Скриптониттің жаңа "Свистки и бумажки" альбомы 30 наурызда шығуы керек еді, бірақ кеше техникалық ақауларға байланысты ол Apple Music-те біраз уақытқа бұғаттан ашылып қалды. 

"Кеше түнде альбомды жүктеп жатқанда техникалық ақауларға байланысты бірнеше елге тыңдауға ашылып қалды. 

Сол себепті бүгін "Свистки и бумажки" альбомының ресми релизін шығаруды ұйғардық" - деп жазды Скриптонит Instagram-да.

Реклама
Реклама

Альбом 15 композициядан тұрады, ол әзірге тек Apple Music-те қол жетімді.

"Свистки и бумажки" альбомының қонақтары хаус-рэп орындаушы Feduk (Федор Инсаров) және Скриптонит лейбліндегі "Сестры" тобы болды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram