Шымкенттік әнші Янис Каменидис "Украина дауысы" шоуына қатысты

Янис Каменидис

23 жастағы шымкенттік әнші Янис Каменидис "Украина дауысы" шоуына қатысты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Көрмей тыңдау кезеңінде жас жігіт "Танцы на стеклах" композициясын орындады, дегенмен оған тәлімгерлердің ешқайсысы бұрылмады. Қойылым кезінде тәлімгерлердің бірі Потап шыдамсыздық танытып, әнді кімнің орындап жатқанын көрді. Қазақстандықты көрген ол Иван Дорнға бұрылуға кеңес берді, дегенмен тәлімгер әншіге бұрылмады.

Янис сұхбатында "Украина дауысы" жобасында келесі кезеңге өтпегеніне қынжылмағанын жеткізді. Айта кетейік, жас жігіт бір жарым жыл бұрын Шымкенттен Санкт-Петербургке көшіп келген. Ол қазір Ресейде шығармашылығын дамытумен айналысып жатыр.

Реклама
Реклама

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news2
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама