ПОДЕЛИТЬСЯ
26 желтоқсан 2018 | 09:45
Талғамы жоғары жұлдыздардың тізімі жасалды
Footwear News басылымы 2018 жылдың талғамы жоғары жұлдыздардың ондығын тізіп шықты. Тізім басылым сайтында жарияланды.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Footwear News басылымы 2018 жылдың талғамы жоғары жұлдыздардың ондығын тізіп шықты. Тізім басылым сайтында жарияланды.
Бірінші орынды мамандар Голливудта өткен Elle Women премиясында оверсайз-костюм киіп келген Леди Гагаға берді. Салтанатты шараға әнші сұр түсті шалбар мен пиджак киіп келген (оның ішінде ештеңе болмағаны да айтылады). Сонымен қатар, ол шоу-бизнестегі сексуал зорлық-зомбылық жайлы сөз қозғады.
© Mario Anzuoni/Reuters
Екінші орында ханзада Гарридың жары - Меган Маркл. Бір жыл ішінде герцогиня киім мен аяқ киімді экологиялық материалдардан дайындайтын Veja, Rothy’s және Stella McCartney сынды брендтерді таңдаған.
Меган Маркл
Одан кейін Дженнифер Лопес және Трэйси Эллис Росс.
Дженнифер Лопес және Трэйси Эллис Росс
Басылым R’n’B-орындаушы Бейонсенің әрдайым Gucci, Peter Dundas, LaQuan Smith и Sergio Rossi сынды әлемдік сән үйлерінің киімдерін киетінін айта кетті.
Сондай-ақ бұл тізімде Синди Кроуфордтың қызы - модель Кайя Гербер және үндістандық актриса, модель және әнші Приянка Чопра.
Кайя Гербер және Приянка Чопра
Сонымен қатар, тізімге үш ер адам кірді: актерлар Тимоти Шаламе, Рами Малек және Майкл Бакари Джордан.
Желтоқсанда америкалық әнші әрі актер Ник Джонас GQ журналының нұсқасы бойынша 2018 жылдың ең стильді ер адам болып табылды. Оқырмандар 64 үміткердің ішінен жеңімпазды дауыс беру арқылы таңдады.
Показать комментарии
Читайте также