10 қыркүйек 2020 | 11:13

"Тәп-тәтті". Алла Пугачева қазақстандық әнші Dequine-ге тамсанды

Фото:instagram.com/dequiine

КСРО халық әртісі, ресейлік әнші Алла Пугачева Максим Галкиннің "Музыкалити" YouTube-шоуында қазақстандық әнші Dequine-нің өнеріне тәнті болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

КСРО халық әртісі, ресейлік әнші Алла Пугачева Максим Галкиннің "Музыкалити" YouTube-шоуында қазақстандық әнші Dequine-нің өнеріне тәнті болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Максим Галкиннің шоуына танымал әртістер келіп заманауи музыканы бағалайды. Жаңа шығарылымда Алла Пугачева мен Баста қонақ болды. Олар жас әншінің "Батыста" әнін тыңдады.

Реклама
Реклама

"Тәп-тәтті. Жақсы айтып шықты және аранжировкасы керемет. Бәрін әдемі ойнады. Музыканттар тым жақсы-ақ", - деді Пугачева. 

Максим Галкин қонақтардан Dequine туралы сұрады. Олар танымайтынын айтты.

"Қылығы жарасымды. Өте жақсы орындады. Он қою керек. Өзіне өте сенімді стиль", - деп атап өтті Алла Пугачева.

"Ол Қазақстаннан. Біз Қазақстаннан болса мақтай түсеміз ғой. Қазақстандықтар", - деп қосты Галкин.

"Олар (қазақстандықтар - ред.) музыкаға жақын. Керемет музыканттар. Олар музыкалық дауыспен дүниеге келеді", - деді Пугачева.

Сондай-ақ шоу кезінде Алла Пугачева қазақстандық рэп-музыкант Скриптониттің "Мәскеу сүйеді..." әнін бағалады.

Еске салайық, қазақстандық әнші Dequine жақында Warner Music Russia лейблімен келісімшартқа қол қойды. 20 жастағы Данэлия Садықова 2019 жылдың жазында "Фемида" әнін шығарды. Ән бірден танымал болды және Apple Music Kazakhstan топ 100-дігіне енді. Кейін оған Warner Music Russia өкілдері хабарласқан. Осылайша, әнші қызбен 2020 жылдың басында альбом шығаруға шарт жасасты.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная