30 қаңтар 2014 10:34

Tengri FM The Rolling Stones концертіне 2 билет сыйлайды

Tengri FM The Rolling Stones концертіне 2 билет сыйлайды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Британдық The Rolling Stones рок-тобының Абу-Дабиде өтетін концертіне барғысы келетін өнерсүйер азаматтар Info@tengrifm.kz электрондық адресіне өзі туралы ақпараттарды, байланыс телефондарын, тұрғылықты мекен-жайын жіберуі тиіс. Тіркелу автоматты түрде жүзеге асады. Tengri FM жүргізушілері тікелей эфирде тіркелгендердің байланыс телефондарына хабарласып,The Rolling Stones және Біріккен Араб Әмірлігі жөнінде бірнеше жауап нұсқалары көрсетілген сұрақтар қояды. Сұрақтарға дұрыс жауап бергендер 7 ақпанда "Центр Алма-ата" мейрамханасында өтететін ақтық байқауға жолдама алады. Мұнда кездейсоқ таңдау арқылы жеңімпаз анықталады. Қалған қонақтар "Хан тәңірі шыңында" атты жобасы қатысушыларының өнерін тамашалайды. Байқаудың ақтық сыны Tengri FM және Tengrinews TV-да тікелей эфирге шығады. Жеңімпаз Etihad Airways әуе компаниясы ұсынған Абу-Дабиге дейінгі екі билетке ие болады. The Rolling Stones тобының концерті 21 ақпанда Абу-Дабидегі Яс аралында du Arena стадионында өтеді. Жолы болған жеңімпаз өз жолсерігімен Yas Waterworld аквапаркін және Ferrari World тематикалық саябағын көруге де мүмкіндік алады. Tengri FM байқауына жасы 18-ге толған кез келген қазақстандық қатыса алады. Радиостанция жүргізушілері қатысушыларға күніне екі рет хабарласады. Жұмыс күндері 10.00-ден 11.00-ге дейін және 18.00-ден 19.00-ге дейін; демалыс күндері 13.00-ден 14.00-ге дейін және 17.00-ден 18.00-ге дейінгі уақыт аралығында.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
array:4 [
  0 => array:3 [
    "image" => "https://kaz.tengrinews.kz/userdata/news_kk/2024/news_360685/thumb_m/photo_123013.jpeg"
    "title" => "Астана күнінде қандай шаралар өтетіні белгілі болды"
    "url" => "https://kaz.tengrinews.kz/kazakhstan_news/astana-kunnde-kanday-sharalar-otetn-belgl-boldyi-360685/amp/"
  ]
  1 => array:3 [
    "image" => "https://kaz.tengrinews.kz/userdata/news_kk/2023/news_354021/thumb_m/photo_115913.jpeg"
    "title" => "Облыстық симфония оркестрінің алғашқы концерті өтті"
    "url" => "https://kaz.tengrinews.kz/kazakhstan_news/oblyistyik-simfoniya-orkestrnn-algashkyi-kontsert-ott-354021/amp/"
  ]
  2 => array:3 [
    "image" => "https://kaz.tengrinews.kz/userdata/news_kk/2023/news_353513/thumb_m/photo_115390.jpeg"
    "title" => "Алматыда Конституция күнінде қайда баруға болады?"
    "url" => "https://kaz.tengrinews.kz/kazakhstan_news/almatyida-konstitutsiya-kunnde-kayda-baruga-boladyi-353513/amp/"
  ]
  3 => array:3 [
    "image" => "https://kaz.tengrinews.kz/userdata/news_kk/2023/news_351982/thumb_m/photo_113825.jpeg"
    "title" => "Семейде "Би-2" тобының концерті өтетін болды"
    "url" => "https://kaz.tengrinews.kz/kazakhstan_news/semeyde-bi-2-tobyinyin-kontsert-otetn-boldyi-351982/amp/"
  ]
]