Терме орындаған Қайрат Нұртас Желі қолданушыларын таңғалдырды

Терме орындаған Қайрат Нұртас Желі қолданушыларын таңғалдырды © instagram.com/kair_n

?аза?стан танымал ?нші ?айрат Н?ртас терме орындап, Желі ?олданушыларын та??алдырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазақстан танымал әнші Қайрат Нұртас терме орындап, Желі қолданушыларын таңғалдырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Видеода қолына домбыра алып, Мейрамбек Бесбаев пен Тоқтар Серіковтің орындаған "Жан ана" термесін айтады. Бір шумағын аяқтаған соң әнші Бесбаевтың тағы бір термесін орындай бастайды. Эстрада әншісінің термені де нақышына келтіріп айтқанын көрген Желі қолданушылары таңғалысын жасырмады. 

Реклама
Реклама

 

"Ооо жаксы казактын кара домбырасымен ан шыркасан бызде быр маркайып каламыз . Саган бары жарасадыгой", - десе, тағы біреуі "Аға аман болыңыз. Даусыңыз өте керемет. Сіздің өлеңдеріңіз қуанышымда да қайғымызда да есітіп жүреміз. Шаршамаңыз тек алға" деп жылы лебізін білдірді.

Ал видеодан жайнамаз бен Құран кітапты байқағандар да бар. "Əп бəрекелді Қайреке алла разы болсын құран кітабы əрдайым төріңізде ілулі тұрсын намазыңызды үзбеңіз алла разы болсын", "Құран мен жайнамазыңды көріп қатты қуандым Қайрош!! Алланы ұмытпаған адам ешқашан жаман болмайды. ниетің қабыл болсын, сауаптарың көп болсын. дауысты қойшы..", - пікір білдірген қолданушылар. 

Tengrinews
Автор сұрағы
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама