The New York Times ақсулық жігіт туралы мақала жариялады

viewings icon 1619
comments icon 1

The New York Times басылымы қазақстандық Иманбек Зейкенов туралы мақала жариялады, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

The New York Times басылымы қазақстандық Иманбек Зейкенов туралы мақала жариялады, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Оның Saint JHN-нің Roses атты әніне жазылған ремиксі әлемдік музыкалық чартта топ жарған еді. 

Реклама
Реклама

19 жастағы Иманбек Павлодар облысының Ақсу қаласында тұрады. Ол оқуымен қатар теміржолда еңбек етіп жүр. Жас теміржолшы бос уақытында музыка жазумен айналысады. Оның музыкалық білімі жоқ. Ақсулық жігіт музыка жазуды өзі үйреніпті. Ол ремикстерді FL Studio бағдарламасы арқылы жазады.

The New York Times газетінде жарияланған мақалада Иманбектің табысқа қалай жеткені, SAINt JHN композициясының авторымен алдағы уақытқа жоспарланған кездесуі мен DJ Tiesto-мен ынтымақтастық туралы жазылған

Айта кетейік, ақсулық жігіттің Saint JHN-нің Roses атты әніне жазылған ремиксі Apple Music-тің үздік ондығына кірді, әрі "Яндекс. Музыка" чартында бесінші орынға ие болды. Сондай-ақ, бұл ән Shazam-да 6,5 миллион рет ізделді. 

Қазіргі таңда Иманбек Зейкенов танымал әндерге ремикс жазып жүр.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news1
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная