21 мамыр 2017 | 21:42

The Spirit of Tengri: Speed Caravan араб колоритіндегі электронды музыка орындады

Құрамына Алжир мен Франция музыканттары кірген Speed Caravan атты мульти-ұлттық афро-рок ұжымы The Spirit of Tengri қазіргі заманғы этникалық музыка фестивалінде заманауи араб музыкасын таныстырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Фестиваль Республика Сарайының алдындағы Абай алаңында open-air форматында өтіп жатыр, кіру тегін. Жобаның құрылтайшысы - Tengri FM ұлттық радиостанциясы. Фестивальдің онлайн-трансляциясын мына жерден көре аласыздар.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Құрамына Алжир мен Франция музыканттары кірген Speed Caravan атты мульти-ұлттық афро-рок ұжымы The Spirit of Tengri қазіргі заманғы этникалық музыка фестивалінде заманауи араб музыкасын таныстырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Фестиваль Республика Сарайының алдындағы Абай алаңында open-air форматында өтіп жатыр, кіру тегін. Жобаның құрылтайшысы - Tengri FM ұлттық радиостанциясы. Фестивальдің онлайн-трансляциясын мына жерден көре аласыздар.

Speed Caravan фронтмені Мехди Хаддаб арабтың бұрынғы заманғы лютна шертпе аспабында асқан шеберлікпен ойнады. Ол электроника мен рок-музыканың үйлестіретін новаторлық музыкалық жобаларымен танымал. Ұжымның дыбысқа бай музыкасынан The Cure және The Chemical Brothers элементтерін кездестіруге болады, мұның барлығы араб колоритін сездіреді.

Реклама
Реклама

Ұжым The Spirit of Tengri алаңында 9 ән орындады. Ырғағы түрлі болса да, араб лютнасымен соло-қосымшаларымен заманауи мәнерде дыбысталған Speed Caravan  композициясы көрермендердің қошеметіне бөленді. 

 "Бұл нағыз естен айырылу! Фестиваль мен адамдардың әсерлі энергетикасы! Бұл мен үшін мүлдем өзгеше тәжірибе. Мен бірінші рет Қазақстанға келіп тұрмын және бұл өте тамаша! Осы фестивальдің арқасында мен сіздердің халықтың мәдениетінің энергиясын сездім. Қазақстандықтардың өз музыканттарымен, ақындарымен мақтанатынын және өз мәдениетін сүйетінін түсіндім. Бұдан жаңа дүниелер шығып, бірігіп туындыларды өмірге әкелеміз деп ойлаймын. Ертең Алматы тауларын тамашалаймыз және Тәңір рухын сезуге асықпын", - деп әсерін бөлісті өнер көрсеткеннен кейін Speed Caravan фронтмені Мехди Хаддаб.

Айта кетейік, Speed Caravan - Хаддабтың үшінші жобасы. Ол музыкант ретінде дәстүрлі музыкалық аспаптардың ХХІ ғасырда да өзекті дыбысталуын қолдайды. Музыкант өзі жайлы айтқанда екі мәдениеттің адамы екенін сөз етеді, сондықтан ол қосынды жобаларға әуес. Оған ертедегі дәстүрлер мен электронды дыбыстар ұнайды. Ол Қазақстанға зор қызығушылықпен келгенін айтты, себебі ішекті аспаптарды қолданған халықтарға деген қызығушылығы зор екен.

Еске салайық, қазіргі заманғы этникалық музыканың Қазақстандағы тұңғыш халықаралық фестивалі - The Spirit of Tengri 2013 жылдың 8 маусымында бірінші рет өткен болатын. Оған 11 музыкалық ұжым қатысты. Арасында "Алдаспан", Hapanasasa топтары мен Найя, Қорлан сияқты орындаушылар болды. Фестивальді рок-сахнаның отандық ардагері - "Роксонаки" тобы ашты. Ал былтыр фестивальге 9 мемлекеттен 13 топ қатыcқан еді. Олардың ішінде: Baba Zula (Түркия), "Айирхаан" (Якутия), TRAD.ATTACK! (Эстония), Huun Huur Tu (Тыва), DJ Rizzo (АҚШ), "Арғымақ" (Башқұртстан), Екатерина Ямщикова (Башқұртстан), Tilla Török's Band & Holdviola (Венгрия), "Алдаспан" (Қазақстан), DJ Нариман Исенов (Қазақстан), "Тиграхауд" (Қазақстан), Roksonaki (Қазақстан) және Sintas (Қытай), "Барабаны Алматы" жобасы мен Құрманғазы атындағы Ұлттық консерваторияның домбырашылары.

Фестивальдің бас серіктесі - Kaspi.kz. The Spirit of Tengri фестивалі Алматыда open-air форматында Абай атындағы Республика сарайында 20-21 мамырда өтеді. Шара Алматы әкімдігінің қолдауымен өтеді. Фестивальге техникалық қолдауды KZ Sound компаниясы көрсетеді. Кіру тегін.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная