05 шілде 2019 14:27

Юрий Шатуновтың өкілі әншінің отадан кейінгі жағдайын айтты

Камила Долаева Журналист
© фото: әншінің ресми сайтынан

"Ласковый май" тобының экс-әншісі Юрий Шатуновқа ота жасалды, - деп хабарлайды РИА Новости. Бұл туралы РЕН ТВ арнасына әншінің директоры Аркадий Кудряшов мәлімдеген. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Ласковый май" тобының экс-әншісі Юрий Шатуновқа ота жасалды, - деп хабарлайды РИА Новости. Бұл туралы РЕН ТВ арнасына әншінің директоры Аркадий Кудряшов мәлімдеген. 

Оның сөзінше, әнші өз денсаулығының нашарлағанын айтып жүргеніне біраз уақыт болған. Бірақ концерттерді кейінге қалдырғысы келмеген, сондықтан ол ауырсынуды басатын дәрі мен антибиотиктер қабылдаған.

Реклама
Реклама

"Оны тісі де мазалаған, сондықтан өзімен бірге түрлі дәрі-дәрмек алып жүрді. Мәскеуге ұшып келгенде, рентгеннен қайтадан өтуі керек болды. Денсаулығы күрт нашаралап кетті. Бірден отаға жатқызу керек екені айтылды", - деді ол. Оның айтуынша, ота сәтті өткен, сондай-ақ Шатунов есін жиған. 

Осыған дейін Ресейдің БАҚ өкілдері денсаулығы күрт нашарлағаннан кейін Шатунов шұғыл ауруханаға жатқызылғанын хабарлаған.

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram