Жаңа "Бонд" фильмінің саундтрегін кімнің орындайтыны белгілі болды

Жаңа "Бонд" фильмінің саундтрегін кімнің орындайтыны белгілі болды © Twitter

"Грэмми" жүлдегері, ұлыбританиялық әнші Сэм Смит Джеймс Бонд туралы кезекті фильмнің - "007: Спектр" саундтрегін орындайды, - деп хабарлайды Collider.

Айта кетейік, ол Twitter парақшасына құпия ұйымның атауы жазылған суретті жүктеді. Дәл осы ұйым жаңа бөлімде Бондқа қарсы тұрады.

Бұған дейін фильмнің саундтрегін орындайтындардың қатарында Эд Ширан, Элли Голдинг, Лана Дель Рей, Палома Фейттің бар екені хабарланған еді.

Жарнама
Жарнама

Айта кетейік, "007: Спектр" Бонд ролін ұлыбританиялық Дэниел Крэйг ойнайтын төртінші фильм. Бұл режиссер Сэм Мендестің  "007: "Скайфолл" Координаттары" картинасынан кейінгі екінші фильмі.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама