Жанар Хамитованың әкесі: "Біз ешкімді жазғырмаймыз. Бұл - тағдыр"

Жанар Хамитованың әкесі: "Біз ешкімді жазғырмаймыз. Бұл - тағдыр" © Tengrinews.kz

Қарағанды облысында халық Жанар Хамитовамен қоштасты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. SuperStar.kz шоуының жұлдызы 16 қыркүйекте қайтыс болған. Әнші туған қаласы Қарқаралыда жерленді. Жанарды ақтық сапарға шығарып салуға туыстары мен көршілері келген. 

Жанар Хамитованың Қарқаралыдағы үйі. © Роман Павлов

Ал полиция қазір "Өзiн-өзi өлтiруге дейiн жеткiзу" бабы бойынша тергеу жүргізіп жатыр. Бірақ әншінің әкесі Аманжол Хамитов оның өліміне ешкімді кінәламауды сұрады. 

Жарнама
Жарнама

Жанар Хамитованың әкесі Аманжол Хамитов. © Роман Павлов

"Иә, жұлдыз еді... жұлдыздай ағып кетті. Ешкімді жазғырмаймыз. Бұл тағдыр. Ешкімді жазғырудың керегі жоқ. Бұрынғы күйеуін де. Тыңдармандарын да. Ол бәрімен жақсы қарым-қатынаста болды", - деді Аманжол Хамитов. 

TengriTV тілшілері Жанар Хамитованың туған қаласында болып, ол туралы сюжет дайындады. Жақын арада YouTube-арнамыздан көріңіздер. 

Автор сұрағы
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама