Жаның тыныштық тапсын: Әйгілі әнші Бритни Спирстің қайтыс болғаны хабарланды

Бритни Спирс. © inquisitr.com

Америкалы? ?нші Бритни Спирс ?айтыс болды деген м?лімет Sony Music компаниясыны? Twitter желісіндегі пара?шасында пайда болды, - деп хабарлайды Independent. Алайда кейінірек б?л жазба ?шірілді. Со?ан ?ара?анда, б?л хабарламаны хакерлер таратты делінеді.

Америкалық әнші Бритни Спирс қайтыс болды деген мәлімет Sony Music компаниясының Twitter желісіндегі парақшасында пайда болды, - деп хабарлайды Independent. Алайда кейінірек бұл жазба өшірілді. Соған қарағанда, бұл хабарламаны хакерлер таратты делінеді.

"Бритни Спирс қайғылы оқиғадан қайтыс болды. Жаның тыныштық тапсын", - делінген Sony Music Global ресми аккаунтында. Қазіргі уақытта дыбыс жазу компаниясының ресми парақшасында бұл жазба жоқ.

Реклама
Реклама

Sony Music-тен кейін мұндай жазбаны Twitter желісінде америкалық музыкант, Нобель сыйлығының лауреаты Боб Дилан да жариялады. Қазіргі уақытта оның жа жазбасы жоқ.

Басылымның мәліметінше, Sony Music аккаунтын OurMine хакерлер тобы бұзған.


Бритни Спирстің өкілі әншінің тірі екенін хабарлады. 

Айта кетейік, OurMine тобы танымал адамдардың және компаниялардың аккаунттарын осыған дейін де бірнеше мәрте бұзған. Хакерлер әлемдік IT алыптарының, атақты адамдардың және жұлдыздардың әлеуметтік желілердегі парақшаларына шабуыл жасаған. Ал топтың өкілдері аккаунттардың қауіпсіздігін тексеріп, алдын ала ескертіп отырамыз деп ақталыпты.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама