Алматы әуежайы қазақстандықтарға үндеу жасады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©️ Tengrinews.kz Фото ©️ Tengrinews.kz

Алматы әуежайы рейстер кестесіндегі уақытша өзгерістерге байланысты жолаушыларға үндеу жасады, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Алматы әуежайы рейстер кестесіндегі уақытша өзгерістерге байланысты жолаушыларға үндеу жасады, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

Бұл өзгерістер Астана әуе кеңістігін пайдалануға қойылған шектеулерге байланысты. Қорғаныс министрлігінің ақпаратына сәйкес, елордада 2025 жылғы 22 сәуір мен 7 мамыр аралығында сағат 10:00-ден 13:00-ге дейін әскери парадты дайындауға және өткізуге байланысты әскери авиацияның оқу-жаттығу ұшуларын орындау үшін Астана әуе кеңістігін пайдалануға қысқа мерзімді шектеулер енгізіледі.

"Бұл шектеулер Астана бағытына және кері бағыттағы, соның ішінде Алматыдан ұшатын рейстердің кестесіне өзгерістер енгізуге алып келеді. Жолаушылардан осы шектеулерді сапарларын жоспарлау кезінде ескерулерін сұраймыз. Рейстері өзгеріске ұшырайтын жолаушыларға әуе компаниялары билет сатып алу кезінде көрсетілген байланыс нөмірлері арқылы қосымша ақпарат береді", – делінген әуежай таратқан хабарламада.

Сондай-ақ, жолаушыларға рейс мәртебесін алдын ала әуекомпаниялары мен әуежайдың анықтама қызметінен нақтылап отыру ұсынылады.

Алматы халықаралық әуежайының ақпарат қызметі: +7 (727) 270 33 33, +7 (727) 270 48 49

Air Astana: +7 (727) 244 44 77, WhatsApp: +7 702 702 00 74

FlyArystan: +7 (727) 331 10 10, WhatsApp: +7 702 702 02 27

SCAT Airlines: +7 (7252) 99 88 80

Qazaq Air: +7 (727) 356 14 14

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!

TengriTravel
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Иконка меню мобильная