Алматы әуежайы су басты: кім жазаланды?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы әуежайы су басты: кім жазаланды? Бейне кадрлары

Алматы халықаралық әуежайы терминал шатырынан су өткен еді. Оқиға бойынша Көлік министрлігі мен құқық қорғау органдарының қатысуымен шұғыл кеңес өткізілді, деп хабарлайды Tengri Travel.


Алматы халықаралық әуежайы терминал шатырынан су өткен еді. Оқиға бойынша Көлік министрлігі мен құқық қорғау органдарының қатысуымен шұғыл кеңес өткізілді, деп хабарлайды Tengri Travel.

Көлік министрлігінің ақпараты бойынша, Азаматтық авиация комитеті Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске сәйкес әуежайға қатысты әкімшілік сипаттағы шаралар қабылдады.

Оқиғадан кейінгі кадрлық шешімдер

Әуежай басшылығы да жағдайға байланысты тиісті шаралар қолданды. Техникалық мәселелер жөніндегі аға вице-президент Мехмет Гюзельге қатысты тәртіптік жаза қолданылды.

Кемшіліктерді жою жұмыстары

Әуе айлағының әкімшілігі жолаушылардан келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұрады. Қазіргі уақытта анықталған кемшіліктерді жою жұмыстары жүргізіліп жатыр

Қазір барлық қажетті шара жедел режимде іске асырылып жатыр. Су басу себептерін алты ай ішінде толық жою жоспарланған.

Көлік министрлігі мұндай жағдайларға қатаң тосқауыл қойылатынын атап өтті. Ведомство азаматтық авиация саласындағы заңнаманың сақталуына және авиациялық инфрақұрылымның тұрақты жұмысына қатаң бақылауды қамтамасыз етпек.

Еске салсақ, жексенбі, 3 мамыр күні қалада жауған жаңбыр салдарынан Алматы әуе жайын су басты. Кейін желіде әуежай қызметкерлерінің тексеру және паспорттық бақылау аймағындағы су басу зардаптарын жаппай жойып жатқан видеосы жарияланды. Куәгерлердің айтуынша, су шатырдан тікелей ғимарат ішіне аққан.

TengriTravel
;