Алматы тауларында шетелдік азамат ауыр жарақат алды

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы тауларында шетелдік азамат ауыр жарақат алды

Алматы тауларында құтқарушылар Словакиядан келген 49 жастағы туристке көмек көрсетті. Ол ауыр жарақат алған, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы тауларында құтқарушылар Словакиядан келген 49 жастағы туристке көмек көрсетті. Ол ауыр жарақат алған, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

Оқиға бүгін, 19 қыркүйекте болған.

"Алматы тауларында Словакиядан келген 49 жастағы туристке көмек қажет болды. Маршрут бойынша серуендеу кезінде ол жарақат алып, жамбасын сындырып алған", – деп мәлімдеді ұйым өкілдері.

Құтқарушылар шақырту алып, бірден оқиға орнына аттанды. Жарақат алған туристке сол жерде алғашқы көмек көрсетіліп, эвакуацияға дайындалды және туристік кешенге жеткізілген. Ол жерден ер адам дәрігерлерге тапсырылып, №7 қалалық ауруханаға жатқызылғаны айтылды.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!

TengriTravel
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады
;