Жасөспірімдер жасанды интелектті қолданып сатушыларды алдаған

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жасөспірімдер жасанды интелектті қолданып сатушыларды алдаған

Жетісуда ЖИ арқылы жалған чек жасаған жасөспірімдер тобы әшкереленді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Жетісуда ЖИ арқылы жалған чек жасаған жасөспірімдер тобы әшкереленді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жетісу облысында үш кәмелетке толмаған баланың жалған банктік чектерді жасау үшін жасанды интеллект (ЖИ) құралдарын пайдаланып, сатушыларды жаңылыстыру арқылы тауарларды бірнеше рет жымқырғаны анықталған.

"Құқыққа қарсы әрекет нақты ақша қаражатының түсуі мен сатып алушылар ұсынған электрондық чектер арасындағы сәйкессіздікті байқаған кәсіпкерлердің өтініштерінен кейін жедел анықталды. Аталған дерек бойынша алдын ала сөз байласу арқылы бірнеше рет жасалған алаяқтық белгілері бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды", - делінген хабарламада.

Жетісу облысының прокуратурасы кәсіпкерлер мен барлық азаматтарды төлемдерді тек банктердің ресми мобильді қосымшалары және транзакцияларды растау сервистері арқылы тексеруді ұсынады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 495.73  course up  589.53  course up  6.42  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети