Алматыдан жаңа тікелей рейс ашылады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:depositphotos.com Фото:depositphotos.com

Алматыдан 2025 жылдың 7 сәуірінен бастап жаңа тікелей рейс іске қосылады, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Алматыдан 2025 жылдың 7 сәуірінен бастап жаңа тікелей рейс іске қосылады, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

Оңтүстіккореялық Eastar Jet әуекомпаниясы Инчхон – Алматы бағытында жаңа рейс ашатынын мәлімдеді.

"Енді біздің жолаушылар Алматыға, Қазақстан мәдениетінің және табиғи сұлулығының орталығына оңай жетуге мүмкіндік алады. Сәуірден бастап сіздерге осы таңғажайып қаланың керемет пейзаждары мен тарихи ескерткіштерін өз көзіңізбен көруге мүмкіндік ұсынамыз", – делінген компания хабарламасында.

Әуе рейстері апта сайын екі рет – дүйсенбі және жұма күндері ұшады. Ұшақ Инчхон әуежайынан 19:30-да ұшып, Алматыға 22:45-те жетеді. Кері рейс Алматыдан 23:45-те ұшып, Инчхонға келесі күні сағат 9:50-де жетеді. Бұл маршрут әуекомпаниясының ең ұзын рейсі болып, бір бағытта шамамен алты сағат болады. Рейстер B737-8 ұшағымен жүзеге асырылады.

Әуе тасымалдаушы компания халықаралық рейстерде броньды өзгерту үшін қосымша ақы алмайтынын атап өтті.

Айта кетейік, Қазақстан азаматтарына Оңтүстік Кореяға кіру үшін виза алу қажет емес.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!

TengriTravel
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Иконка меню мобильная