“Асқар тауларды еркін кезіп жүр“: аландарын ерткен қар барысы тағы да фототұзаққа түсіп қалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бейнеден алынған кадр

"Катонқарағай" ұлттық паркінде фототұзаққа тағы да қар барыстары түсіп қалды. Қыста алғаш рет таспаланған марғаулар айтарлықтай өсіп қалған және қазір анасының соңынан еріп, тау ішінде еркін жүр, - деп хабарлайды Tengri Travel.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

"Катонқарағай" ұлттық паркінде фототұзаққа тағы да қар барыстары түсіп қалды. Қыста алғаш рет таспаланған марғаулар айтарлықтай өсіп қалған және қазір анасының соңынан еріп, тау ішінде еркін жүр, - деп хабарлайды Tengri Travel.

Жаңа видеоны "Катонқарағай" ұлттық паркі Instagram парақшасында жариялады. Кадрға бұған дейін де бірнеше рет жазба кейіпкері болған аландар түсіп қалған.

"Осыдан бірнеше ай бұрын дәл осы жерде фототұзақ нысанасына алғаш рет үш марғауы бар ұрғашы қар барысы түскен болатын. Бүгін бұл отбасы камера алдына қайта шықты. Қысқы кадрлардағы кішкентай аландар бүгінде едәуір өсіп, анасымен бірге асқар тауларды еркін кезіп жүр", - делінген жарияланымда.

Жарнама
Жарнама

Ұлттық парк өкілдері жабайы табиғатта өсіп келе жатқан қар барысының марғауларын көру - үлкен сәттілік екенін атап өтті. Фототұзақ жазбаларының арқасында мамандар жыртқыштардың парк аумағына сәтті бейімделгеніне көз жеткізе алды.

Тағы оқыңыз: Қар барысы видеоға түсіп қалды


Жарнама
Жарнама