Астана маңында екі жаңа электр пойызы қатынайды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©️ Tengrinews.kz / Турар Казангапов Фото ©️ Tengrinews.kz / Турар Казангапов

Астанамен теміржол қатынасын жақсарту үшін екі электр пойызы іске қосылады, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Астанамен теміржол қатынасын жақсарту үшін екі электр пойызы іске қосылады, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

ОКҚ брифингі барысында Көлік министрлігіне қарасты теміржол және су көлігі комитеті төрағасының орынбасары Нұржан Келбуғанов электропойыздарды сатып алу жоспары туралы айтты. Оның айтуынша, биыл сұранысы жоғары бағыттарда жұмыс істеу үшін 226 вагон сатып алу көзделген.

"Былтыр Астана мен Бурабай арасында бір электр пойызы іске қосылды. Оның нәтижесінде жүру уақыты 3,5 сағаттан 2,5 сағатқа дейін қысқарды. Биыл Қарағанды – Астана және Ерейментау – Астана бағыттарында екі электр пойызын іске қосу жоспарланған. Яғни, олар Астана маңында қатынайтын болады", – деді Нұржан Келбуғанов.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!

TengriTravel
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Иконка меню мобильная