Атырау облысында жылқылар пойыз жолын бөгеген сәт видеоға түсіп қалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

видео кадры

Желіде Атырау облысында жылқылар пойыз жолын бөгеген сәттің видеосы тарады, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Желіде Атырау облысында жылқылар пойыз жолын бөгеген сәттің видеосы тарады, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

Видеода машинист дабыл белгісін беріп, жануарларды жолдан қууға тырысып жатқаны байқалады. Абырой болғанда, жылқылар теміржолдан түсіп үлгерген.

"Қазақстан темір жолы" компаниясының баспасөз қызметі оқиға 5 наурызда болғанын растады.

"Атырау облысының Сағыз – Мақат учаскесінде пойыз машинисті теміржолға шығып кеткен жылқылармен соқтығысудың алдын алды. Жануарлар теміржол бойында үркімей, баяу жүріп бара жатқандықтан, апатты жағдай туындады. Машинист ұзақ дыбыстық белгі беріп, шұғыл тежегішті қолданды. Теміржолшылар жылқыларды жолдан қуып жіберді", – деп мәлімдеді компания өкілдері.

Оқиға салдарынан екі жолаушылар және үш жүк пойызының қозғалысы кешіктірілген. Компания бақылаусыз жүрген малдың теміржол қозғалысына қауіп төндіретінін және апатты жағдайларға себеп болуы мүмкін екенін ескертті.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!

TengriTravel
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Иконка меню мобильная