“Бұл мәселені зерттеп жатырмыз“ - СІМ Ресейге кіру тәртібінің өзгеруі туралы

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©️ Tengrinews.kz / Турар Казангапов Фото ©️ Tengrinews.kz / Турар Казангапов

Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі Ресейге кіру ережелеріндегі өзгерістерге қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі Ресейге кіру ережелеріндегі өзгерістерге қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров Ресей азаматтарына қатысты Қазақстан тарапынан жауап ретінде шаралар қабылдана ма деген сұраққа жауап берді.

"Біз бұл мәселені өте мұқият зерттеп жатырмыз. Бұл біздің мемлекеттік органдармен кеңесуді талап етеді. Ресейге баруды жоспарлап отырған Қазақстан азаматтарына шекарадан өту бойынша жаңа талаптармен алдын ала танысу қажет. Бұл күтпеген жағдай болмас үшін, шекарада ешқандай сұрақ туындамас үшін маңызды", – деді Смадияров.

Жаңа ережелер туралы былтыр қыркүйекте белгілі болған еді. Сол кезде Ресейдің Цифрлық даму, байланыс және бұқаралық коммуникациялар министрлігі шетелдіктердің биометриялық тіркеуден өтуі бойынша эксперимент өткізуді ұсынған болатын.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!

TengriTravel
Join Telegram Последние новости
Алматыда нөсер жауады
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Иконка меню мобильная