Сұңқылдақ аққулар "Бурабай" ұлттық паркінің су айдындарына оралды, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.
Бұл құстар, Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген. Қазіргі уақытта олар белсенді түрде ұя салып жатыр.
"Әр жыл сайын олардың қайта оралуы - ғажайып, және сирек кездесетін түрлер мен табиғи экожүйелерді қорғаудың қаншалықты маңызды екенін еске салады. Сұңқылдақ аққулар - тазалық пен үйлесімділіктің белгісі, және олардың табиғаттағы орнын қорғау біздің мақсатымыз.
Олардың популяциясын сақтау әрқайсымызға байланысты. Экологиялық бастамаларды қолдаумен қатар, бай табиғи мұрамызды қорғауға көмектесейік", - делінген хабарламада.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!