“Біздің тікұшақ қайда“: құтқарушылар туристерге сабақ берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:instagram.com/109_almaty Фото:instagram.com/109_almaty

Алматы әкімдігі жанындағы құтқару қызметінің қызметкерлері тауда адасқан туристер жиі тікұшақ шақыруды сұрайтынын айтты. Алайда олар көп жағдайда әуе көлігіне мұқтаж болмайды, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Алматы әкімдігі жанындағы құтқару қызметінің қызметкерлері тауда адасқан туристер жиі тікұшақ шақыруды сұрайтынын айтты. Алайда олар көп жағдайда әуе көлігіне мұқтаж болмайды, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

Құтқару қызметінің баспасөз қызметі жақында осындай оқиға болғанын мәлімдеді. Адасып қалған туристер оларды тез арада қалаға жеткізу үшін тікұшақ келеді деп күткен. Алайда әуе көлігінің орнына құтқарушылар келген. Соңғы үміттері ретінде атпен алып кетеді деп ойлаған. Бірақ әңгіме барысында құтқарушылар туристерге жаяу түсуге тура келетінін түсіндірді.

"Қалай? Ал зембіл? Ат қайда?" – деп сұрады туристер құтқарушылардан.

"Сіздер жай адасып кеттіңіздер. Тікұшақ тек төтенше жағдайлар үшін қолданылады", – деп жауап берді қызметкерлер.

Нәтижесінде құтқарушылар туристерді жаяу төмен қарай аман-есен алып түскен.

Ұйымның баспасөз қызметі мұндай жағдайлардың тауда жиі кездесетінін, әсіресе көктем мен жаз мезгілдерінде болатынын атап өтті. Алайда тікұшақтар тек шын мәнінде өмірге және денсаулыққа қауіп төнген кезде ғана пайдаланылады.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!

TengriTravel
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Иконка меню мобильная