Шарын мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің қызметкерлері жартастағы жамансары балапандары бар ұяны фото және видеоға түсіріп алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Шарын мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағында мекендейтін құстарды түгендеу және мекендейтін ортасын анықтау мақсатында мемлекеттік инспекторлар А. Амраев және О. Мереимов Мойынтоғай аумағында далалық бақылау жұмыстарын жүргізді.
"Бақылау барысында Жамансары құсының 4 балапаны анықталды", - делінген хабарламада.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Мекиені қанатының ұзындығы 42-45 см, салмағы 1 келіден асады. Қоразы оған қарағанда кішілеу келеді. Қанатының ұзындығы 33-38 см, салмағы 1 келіге жетпейді. Дене түсі қара-қоңыр, ұшы қаралау қанаттарының астында ақшыл шұбар дақ болады. Басқа өзіне тектес жыртқыштардан айырмашылығы - құйрығы қысқа, сұр не қоңыр түсті көлденең жолақты келеді. Ұясын ағаш басына салады. Мекиені мен қоразы 3-5 теңбіл түсті жұмыртқаны 1 айдай кезектесіп басып, балапандарын 40 күнде ұядан ұшырады.
Жамансары, ақсары (лат. Buteo buteo) - сұңқартәрізділер отрядының қаршыға тұқымдасына жататын жыртқыш құс.
Жамансары - жыл құсы. Тамыз - қазан айларында жылы жаққа ұшып кетеді. Наурыз - мамыр айларында қайта оралады. Ұсақ кеміргіштермен, құстармен, кесірткелермен, бақалармен т.б. жәндіктермен қоректенеді.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!