Жамбыл облысында жолаушылар пойызы трактор тіркемесіне соқтығыса жаздады

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©️ Tengrinews.kz / Турар Казангапов Фото ©️ Tengrinews.kz / Турар Казангапов

Жамбыл облысындағы теміржол учаскелерінің бірінде жолаушылар пойызының машинисті теміржолда тұрған трактор тіркемесіне соқтығыса жаздаған, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Жамбыл облысындағы теміржол учаскелерінің бірінде жолаушылар пойызының машинисті теміржолда тұрған трактор тіркемесіне соқтығыса жаздаған, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ҚТЖ мәліметінше, 2025 жылғы 7 маусымда Тараз – Шу учаскесінің күзетілмеген өткелінде (Жамбыл бөлімшесі) жолаушылар пойызының локомотив бригадасы трактордан ағытылған және жолда қалған тіркемелермен соқтығысудың алдын алған.

"Машинист шұғыл тежеуді дер кезінде қолданды. Пойыз тіркемелерден екі метр қашықтықта тоқтады. Локомотив бригадасының кәсібилігі мен үйлесімді әрекеттерінің арқасында жолаушылар мен жылжымалы құрам үшін ықтимал зардаптың алды алынды", - делінген хабарламада.

Тіркемелер темір жолдан алып тасталып, содан кейін пойыз жүрісін жалғастырған.

"Ақпарат құқық қорғау органдарына берілді. ҚТЖ темір жол өткелдерін кесіп өту кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтау қажеттігін еске салады. Теміржол - қауіпті аймақ, сондықтан талаптарды орындамау ауыр зардаптарға әкелуі мүмкін".

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!

TengriTravel
Join Telegram Последние новости
Алматыда нөсер жауады
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Иконка меню мобильная