Жаңа әуе рейстері Қазақстанды Қытай, Вьетнам және Мысырмен байланыстырады, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.
Вьетнам
Қазақстанның Көлік министрлігі мәліметінше, 2025 жылдың наурызынан бастап Air Astana Вьетнамға келесі бағыттар бойынша жаңа рейстер орындайды:
- Алматы – Нячанг: аптасына 4 рет;
- Астана – Нячанг: аптасына 3 рет.
Ескерту: Қазақстан мен Вьетнам арасында визасыз режим бар. Қазақстандықтар елге кірген күннен бастап 30 күнге дейін, ал 6 ай ішінде жалпы 90 күн бола алады.
Қытай
2025 жылдың 30 наурызынан бастап Air Astana Қытайдың ірі қалаларының бірі Гуанчжоуға жаңа рейс ашады. Рейстер аптасына үш рет – сейсенбі, бейсенбі және жексенбі күндері Airbus A321LR ұшағымен орындалады.
Ұшу кестесі (жергілікті уақытпен):
- Алматыдан ұшу – 20:50, Гуанчжоуға келу – келесі күні 05:45.
- Кері рейс: Гуанчжоудан ұшу – 06:50, Алматыға келу – 10:20.
Билет бағасы:
- Эконом-класс: 281 385 теңгеден басталады (барлық салық пен алымдарды қоса алғанда).
- Бизнес-класс: 827 491 теңгеден басталады.
Гуанчжоу – Қытайдың ірі өндірістік орталығы, жеңіл өнеркәсіптің жаһандық көшбасшысы және 2000 жылдан астам тарихы бар маңызды экономикалық әрі мәдени орталық. Қала Гонконгтан солтүстік-батысқа қарай 120 шақырым жерде орналасқан.
Air Astana қазіргі уақытта Алматы мен Астанадан Пекинге аптасына 7 рейс, ал Алматыдан Үрімшіге аптасына 4 рейс орындайды. Қазақстандықтар Қытайда визасыз 30 күнге дейін бола алады.
Мысыр (Египет)
2025 жылдың көктемінен бастап Air Cairo келесі бағыттар бойынша тікелей рейстерді ұсынады:
- Қостанай – Шарм-эль-Шейх: аптасына 1 рет;
- Алматы – Хургада: аптасына 2 рет.
Сондай-ақ, Алматыдан Эль-Аламейнге аптасына 1 рет рейстерді қайта бастау жоспарланған.
Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!