Жүктіліктің соңғы кезеңінде пойызбен жүруге бола ма: ҚТЖ не дейді?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:depositphotos.com Фото:depositphotos.com

Жүкті әйелдер үшін сапар кезінде қауіпсіздік пен жайлылық ерекше назар аударуды талап етеді. Пойызбен жүруге қай мерзімге дейін рұқсат етіледі? Бұл сұрақты Tengritravel.kz ҚТЖ баспасөз қызметінен сұрап көрді.


Иконка комментария блок соц сети

Жүкті әйелдер үшін сапар кезінде қауіпсіздік пен жайлылық ерекше назар аударуды талап етеді. Пойызбен жүруге қай мерзімге дейін рұқсат етіледі? Бұл сұрақты Tengritravel.kz ҚТЖ баспасөз қызметінен сұрап көрді.

Жүкті әйелдерге шектеулер бар ма?

Компания мәліметінше, теміржол көлігімен жолаушыларды, жүктің, жүк-багаждың және пошта жөнелтілімдерінің тасымалдау ережелерінде жүкті әйелдердің жол жүруіне қатысты арнайы талаптар қарастырылмаған.

"Алайда бұл кезең болашақ ана мен сәбидің денсаулығына ерекше назар аударуды қажет етеді. Билет сатып алмас бұрын, мүмкін болатын қауіптерді бағалау үшін емдеуші дәрігермен кеңесу ұсынылады. Жүктіліктің соңғы кезеңдерінде асқынулардың алдын алу үшін сапардан бас тартқан жөн. Сонымен қатар, жүкті әйелдерге сапар барысында жақын адамдарының бірге болғаны дұрыс. Пойыз қызметкерлері алғашқы медициналық көмек көрсету бойынша дайындықтан өтеді, дегенмен, жүктілік кезінде сапар ерекше сақтық пен дайындықты қажет етеді", – деп мәлімдеді ҚТЖ баспасөз қызметі.

Осылайша, жүктілік кезінде пойызбен жүруге қатаң шектеулер жоқ, алайда өзіңіздің жағдайыңызды, сапардың ұзақтығын және шұғыл медициналық көмектің қолжетімділігін ескеру маңызды. Денсаулық жағдайы жақсы болғанның өзінде, сақтық танытып, барлық жағдайларды алдын ала ойластырған жөн.

Айта кетейік, ҚТЖ деректеріне сәйкес, 2021-2024 жылдар аралығында пойыздарда 14 сәби дүниеге келген.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!

TengriTravel
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Иконка меню мобильная