Каталин Раду қызметінен кететінін мәлімдеді: авиациялық әкімшілікті кім басқарып отыр?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:depositphotos.com Фото:depositphotos.com

2025 жылғы наурызда "Қазақстанның авиациялық әкімшілігі" АҚ-ның бас директоры Каталин Радудың қызметінен кеткені туралы ақпарат тарады. Tengritravel.kz қазіргі таңда бұл лауазымды кім атқарып отырғанын анықтады.


Иконка комментария блок соц сети

2025 жылғы наурызда "Қазақстанның авиациялық әкімшілігі" АҚ-ның бас директоры Каталин Радудың қызметінен кеткені туралы ақпарат тарады. Tengritravel.kz қазіргі таңда бұл лауазымды кім атқарып отырғанын анықтады.

Көлік министрлігі редакцияның ресми сұрауына берген жауабында Каталин Раду жұмыс орнында екенін және өз міндеттерін атқарып жатқанын хабарлады.

"Қазіргі уақытта "Қазақстанның авиациялық әкімшілігі" АҚ бас директоры Раду К. жұмыс орнында. Сонымен қатар, ол еңбек шартын бұзу туралы өтініш берген. Осыған байланысты еңбек шартын заңнамаға сәйкес бұзу рәсімдері жүргізіліп жатыр", – деп хабарлады ведомство.

ҚАӘ жаңа бас директоры кім болатыны туралы министрлік әзірге ақпарат берген жоқ. Сондай-ақ бұл лауазымға қазақстандық кандидаттардың қарастырылып жатқаны да нақтыланбады. Раду кеткеннен кейін ҚАӘ даму стратегиясында немесе кадрлық саясатында қандай да бір өзгерістер бола ма – бұл да түсіндірілмеді.

Редакция жағдайды бақылауда ұстайды.

Еске салайық, Каталин Раду авиациялық әкімшілікке 2022 жылдың сәуірінде басшы болды. Бұған дейін ол Еуропада, соның ішінде Еуропалық авиациялық қауіпсіздік агенттігінде (EASA) авиациялық қауіпсіздік саласында жұмыс істеген.

Жақында ол өзінің қызметтен кететіні туралы хабарлаған болатын.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!

TengriTravel
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Иконка меню мобильная