Теміржол және су көлігі комитеті төрағасының орынбасары Нұржан Келбуғанов көктемде билеттер қаншалықты қымбаттайтынын айтты, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.
Комитет төрағасының орынбасарының айтуынша, 1 наурыздан бастап бағаның көтерілуі күтіледі.
"Жолаушылар тасымалы бойынша инфляцияны индекстеу аясында 1 наурыздан бастап бір реттік 7 пайыздық қымбаттау болады. Биыл бұдан басқа бағаның өсуі жоспарланбайды", – деді Нұржан Келбуғанов ОКҚ брифингінде.
Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!