Қазақстанда үш жаңа әуежайдың құрылысы басталды, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.
Жаңа мәліметтерді Көлік министрлігінің баспасөз қызметі ұсынды.
"2025 жылы Қазақстанда Зайсан, Катонқарағай және Кендірлі курорттық аймақтарында үш жаңа әуежайдың құрылысы басталды. Бұл жобаларды іске асыру аталған өңірлер экономикасының дамуына серпін беріп, сондай-ақ отандық және шетелдік туристердің келуіне ықпал етеді", – делінген ведомство хабарламасында.
Бұған дейін Зайсандағы әуежайдың Сәтпаев атындағы бұрынғы әскери аэродром аумағында орналасатыны хабарланған болатын. Құрылыс орны Зайсан қаласынан 25 шақырым қашықтықта орналасқан. Катонқарағай ауданында жаңа әуежай Катонқарағай мен Үлкен Нарын ауылдарының арасында, Солдатово ауылының маңында салынады. Құрылыс орны Катонқарағай ауылынан 38 шақырым қашықтықта орналасқан. Сонымен қатар Кендірлі әуежайының құрылысы курорттық аймақтан 13 шақырым жерде жоспарланғаны нақтыланған.
Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!