Қазақстандықтарға Еуропаға бару оңайырақ болады: не өзгереді?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©️ Tengrinews.kz / Турар Казангапов Фото ©️ Tengrinews.kz / Турар Казангапов

Еуропа қазақстандықтарға виза алу процесін жеңілдетеді. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігі мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Еуропа қазақстандықтарға виза алу процесін жеңілдетеді. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігі мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

Қазақстан мен Еуропалық одақ визалық талаптарды өзара жеңілдету туралы келісімге қол қоюды жоспарлап отыр. Келіссөздер жүргізуге мандат Еуропалық одаққа мүше мемлекеттер тарапынан мақұлданып, Еуропалық комиссияға берілген.

"Бұл келісімді жасау жөніндегі келіссөздерге өтінімдерді қарау мерзімін қысқарту, талап етілетін құжаттар тізімін азайту, виза алуға төленетін алымдарды төмендету, ұзақ мерзімді көп мәртелі визаларды алу мүмкіндігін кеңейту, сондай-ақ өтініш берушілердің жеңілдікті санаттарын енгізу сияқты шаралар кіреді", – деп хабарлады СІМ Tengrinews.kz редакциясының ресми сауалына берген жауабында.

Келісімге нақты қашан қол қойылатыны белгісіз. Оның мерзімі еуропалық тараппен келіссөздер аяқталғаннан кейін айқындалады. Өзгерістер тараптар тиісті ішкі мемлекеттік рәсімдерден өткеннен кейін күшіне енеді.

Министрлікте аталған келісімге қол қою қазақстандықтардың Еуропа елдеріне сапар шегу мүмкіндіктерін кеңейтетінін және сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық деңгейде іскерлік белсенділікті дамытуға ықпал ететінін атап өтті.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!

TengriTravel
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Иконка меню мобильная