“Қоқыс тастап, от жағады“: Іле Алатауы ұлттық паркінде не болып жатыр?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бейнеден алынған кадрлар

Алматы тұрғындары Іле-Алатау ұлттық паркінің танымал туристік орындарындағы қоқысқа шағымданды. Демалушылардың айтуынша, Хоббит сарқырамасы мен Терра алаңында пластик бөтелкелер, пакеттер мен өзге де қоқыс қалып жатыр, ал кейбір туристер тыйым салынғанына қарамастан от жағады. Tengri Travel редакциясы бұл жағдайға ұлттық парк әкімшілігі қалай жауап бергенін анықтады.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Алматы тұрғындары Іле-Алатау ұлттық паркінің танымал туристік орындарындағы қоқысқа шағымданды. Демалушылардың айтуынша, Хоббит сарқырамасы мен Терра алаңында пластик бөтелкелер, пакеттер мен өзге де қоқыс қалып жатыр, ал кейбір туристер тыйым салынғанына қарамастан от жағады. Tengri Travel редакциясы бұл жағдайға ұлттық парк әкімшілігі қалай жауап бергенін анықтады.

"Қоқыс, бөтелке, от жағу": тұрғындар неге шағымданды?

Бұл мәселені алғаш болып әлеуметтік желіде алматылық әйел көтерді. Оның айтуынша, Хоббит сарқырамасына серуендеу кезінде өзгелердің қоқысын жинауға мәжбүр болған.

Жарнама
Жарнама

"Бүгін Хоббит сарқырамасында болдық, өте әдемі. Бірақ адамдар неге өз қоқысын алып кетпейді? Түбіртектер, шомылу киімдерінің этикеткалары, бөтелкелер. Ең сорақысы, алаңда жатқан бөтелкелер толы пакет болды. Адамдар оны жинаған, бірақ жеткізбеген. Олар өліп қалған болар, басқа себеп көріп тұрған жоқпын, өйткені мен олардың пакетін төменге жеткізіп, тастай алдым, ал олардың шамасы келмеген", - дейді жазба авторы.

Скриншот: Threads

Қаланың тағы бір тұрғыны Терра алаңында түнеп, ол да заңбұзушылықтарға куә болғанын айтты. Оның сөзінше, демалушылар соңдарынан қоқыс қалдырып, тыйым салынса да от жағады.

Сонымен қатар, туристің айтуынша, ол маршрут бойында инспекторларды кездестірмеген.

"Жұмадан сенбіге қараған түні Терра алаңында қондым. Алған әсерімді айтып жеткізу мүмкін емес. Өкінішке қарай, қазір ол жақта адам өте көп. Бәрі дұрыс-ақ қой, бірақ көбі артынан пластик пен басқа да қалдықтарды қалдырады. Сондай-ақ тыйым салынған жерде от жақты. Мен жастарға да, ересектерге де бірнеше рет ескерту жасадым. Бірақ оларға бәрібір", - деп атап өтті желінің тағы бір қолданушысы.

Скриншот: Threads

Ұлттық парк не деп жауап берді?

Іле-Алатау ұлттық паркінің әкімшілігі демалыс пен мереке күндері танымал маршруттарға үлкен жүктеме түсетінін растады.

Ұлттық парк мәліметінше, осындай күндері кейбір келушілер ереже бұзады: тұрмыстық қоқыс қалдырып, белгіленбеген жерлерде от жағады.

"Танымал туристік бағыттарға, әсіресе демалыс пен мереке күндері түсетін рекреациялық жүктемені ескере отырып, жекелеген келушілер тарапынан ережебұзушылықтарға, соның ішінде тұрмыстық қалдықтарды қалдыру және белгіленбеген жерлерде от жағу жағдайларына жол беріледі", - деп хабарлады әкімшіліктегілер.

Редакция сауалынан кейін Медеу филиалының мемлекеттік инспекторларына Хоббит сарқырамасына апаратын "Мәрмәр" экосоқпағын, сондай-ақ Терра алаңын қосымша тексеру тапсырылды.

"Өтініш түскеннен кейін Медеу филиалының мемлекеттік инспекторларына аталған туристік учаскелерді қосымша тексеру тапсырылды", - деп атап өтті ұлттық парк өкілдері.

Қанша заңбұзушы жазаланды?

Іле-Алатау ұлттық паркі Медеу филиалының ақпараты бойынша, 2024 жылдың басынан бері бұл аумақа бар болғаны сегіз заңбұзушы анықталған.

Оның ішінде:

  • 6 адам орман қоры жерлеріне зақым келтіргені үшін айыппұл арқалады (ӘҚБтК 372-бап, 4-бөлім);
  • 2 адам ормандағы өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтамағаны үшін жазаланды (ӘҚБтК 367-бап, 3-бөлім).

Бұған дейін әлеуметтік желілерде туристерге таудағы қауіпті гүл туралы ескертілді. Іле-Алатау мемлекеттік ұлттық табиғи паркі өсімдік қауіпті екенін растады.

Тағы оқыңыз: “Қонақтардан ұят“. Көк-Жайлаудағы үйілген қоқыс алматылықтардың наразылығын тудырды


Жарнама
Жарнама