“Қонақтардан ұят“. Көк-Жайлаудағы үйілген қоқыс алматылықтардың наразылығын тудырды

ПОДЕЛИТЬСЯ

“Қонақтардан ұят“. Көк-Жайлаудағы үйілген қоқыс алматылықтардың наразылығын тудырды Фото: threads.com/@my_happy_lab

Танымал демалыс орындарының бірі - Көк-Жайлау үстіртіне апаратын жол желі қолданушыларының назарын аударды. Алматылықтар ернеуіне дейін толған қоқыс контейнерлері мен шашылған пакеттердің суретін талқылап жатыр, - деп хабарлайды Tengri Travel.


Танымал демалыс орындарының бірі - Көк-Жайлау үстіртіне апаратын жол желі қолданушыларының назарын аударды. Алматылықтар ернеуіне дейін толған қоқыс контейнерлері мен шашылған пакеттердің суретін талқылап жатыр, - деп хабарлайды Tengri Travel.

Не болды?

Бұл жағдай Threads әлеуметтік желісіндегі жазбадан басталды. Онда алматылық Көк-Жайлау жолынан түсірілген видео мен суреттерді бөлісіп, қоқыстың көптігіне шағымданған.

"2026 жылғы 13 мамыр. Бүгін сүйікті тауларымыздың түрі осы. Көк-Жайлауға апаратын жол. Бұған дейін e-Otinish арқылы осы қоқыс мәселесін жазған болатынмын, бірақ мемлекеттік органдар, өкінішке қарай, еш шара қолданбады. Threads қауымдастығы бұл мәселеге назар аудартуға көмектеседі және мәселе ақыры шешіледі деп үміттенемін. Шыны керек, қала қонақтарынан ұят", - деп жазды автор.

Скриншот: Threads

Жазба астындағы пікірлерде желі қолданушылары түрлі сұрақтар қойған:

  • "Неге Медеу мен Шымбұлақта қоқыс шығару қиын емес, ал бұл жерде қиын? Турист міндетті, бірақ жағдай да жасалуы керек - таудан түсірілген қоқысқа арналған жәшіктер болуы тиіс. Сіздер бұл қоқысты автобуспен тасуды ұсынасыздар ма? Әлде жануарлардан қорғалған қосымша қоқыс жәшіктерін ұйымдастырып, бақылау камераларын орнатуды және қоқысты бейберекет тастайтындар мен оны шығармайтындарға айыппұл салуды ойластырған жөн бе?"
  • "Айтыңыздаршы, маңайдағы үйлердің тұрғындары үшін қоқыс контейнерлері қалай ұйымдастырылған? Олар сол жерде тұрғандықтан, тиісті елді мекен әкімшілігі тұрмыстық қалдықтардың шығарылуын қамтамасыз етуі керек емес пе? Әлде бұны тұрғындардың өзі шешуі тиіс пе?"
  • "Мүмкін, контейнерлер санын көбейту керек немесе тиісті қызметтер қоқысты жиірек алып кетуі қажет шығар? Қалада халық та, туристер де көбейді ғой".

Неге қоқыс соншалықты көп?

Біз жағдайға қатысты пікір алу үшін "Медеу" өңірлік табиғи паркіне жүгіндік. Ондағылар мәселе тек қоқыс шығаруда ғана емес, контейнерлерді кімдер қолданатынында болып отырғанын түсіндірді.

"Қоқыс контейнерлері парк аумағында орналасқан және демалушыларға арналған. Сонымен қатар, маңайдағы үйлердің тұрғындары мен жақын маңдағы бастауға келушілер күн сайын контейнерлерге тұрмыстық қалдықтарды тастайды, соның салдарынан олар тез толып қалады", - деді баспасөз қызметі.

Парк мәліметінше, қазіргі уақытта барлық қоқыс тазаланған.

"Қазіргі уақытта аумақ тазартылды, қоқыс толық көлемде шығарылды. Қайта толып кетпеуі үшін контейнерлік алаңдарға қызмет көрсету кестесі қайта қаралып, қалдықтарды шығару жиілігі арттырылды", - деді баспасөз қызметіндегілер.

Сондай-ақ паркте бұл жердің тазалығын бақылау үшін бейнебақылау камераларын орнату жоспарланып жатқаны хабарланды.

Сурет Алматы әкімдігінен алынды

TengriTravel
;