Еуропа туристерді пойыздарға арналған шексіз және арзан жол жүру билеттерімен қызықтырып жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Еуропа туристерді пойыздарға арналған шексіз және арзан жол жүру билеттерімен қызықтырып жатыр Фото:depositphotos.com/fotocorn

"Баяу" саяхаттау үрдісі қарқын алып келеді: көптеген туристер бұдан былай "Еуропаны шарлап өту" стиліндегі қалалардың жылдам ауысуын қаламайды, керісінше бір жерде көбірек уақыт өткізіп, жергілікті мәдениетке терең бойлауға тырысады. Еуропа елдері саяхатшыларға жаз мезгілінде ерекше жағдайлар ұсынып отыр, деп хабарлайды Tengri Travel тілшісі Euronews-ке сілтеме жасап.


"Баяу" саяхаттау үрдісі қарқын алып келеді: көптеген туристер бұдан былай "Еуропаны шарлап өту" стиліндегі қалалардың жылдам ауысуын қаламайды, керісінше бір жерде көбірек уақыт өткізіп, жергілікті мәдениетке терең бойлауға тырысады. Еуропа елдері саяхатшыларға жаз мезгілінде ерекше жағдайлар ұсынып отыр, деп хабарлайды Tengri Travel тілшісі Euronews-ке сілтеме жасап.

Осы үрдіс аясында Нидерландыда туристерге пойыздарға арналған бір айлық жазғы абонемент небәрі 49 еуроға ұсынылады, ал қарапайым жол жүру билеті жолаушыларға 127,95 еуроға түседі.

Бұл жол жүру билетімен бүкіл ел бойынша шектеусіз саяхаттауға болады. Елдің кең тармақты теміржол желісінде 400-ге жуық станция бар, олардың кейбірі, мысалы, Харлем-Орталық және Лейден, тарихтан сыр шертеді.

Бір айлық абонемент қарбалас емес сағаттарда жарамды: дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 9:00-ден 16:00-ге дейін және 18:30-дан 6:30-ға дейін.

Сонымен қатар саяхатшылар демалыс күндері - жұма күні сағат 18:30-дан дүйсенбі таңғы 4:00-ге дейін шектеусіз жүре алады. Абонемент Eurostar пойызынан басқа нидерландылық барлық теміржол тасымалдаушыларының пойыздарында жарамды.

Нидерландыда 600-ге жуық сарай мен қала сыртындағы жер иеліктері, зәулім мұнаралары мен кең бақтары бар бұл ғасырлық ескерткіштер бір кездері ақсүйектердің қалай өмір сүргенін тамашалауға мүмкіндік береді.

Германия да Deutsche Bahn компаниясы да қыркүйек айына дейін елді асықпай зерттегісі келетіндер үшін тиімді нұсқалар ұсынады.

Super Sparpreis Last Minute бастамасы аясында сенбі немесе жексенбі күндері келесі аптадағы сапарлар үшін сатып алынған "соңғы минуттық" тариф бойынша билеттерді қалааралық пойыздардың екінші класында 6,99 еуродан басталатын бағамен алуға болады.

Жерорта теңізі аймағында Испанияның Renfe ұлттық теміржол компаниясы Spain Rail Pass билетін ұсынады - бұл кең теміржол желісі арқылы елмен танысқысы келетін резидент еместер үшін таптырмас нұсқа.

AVE секілді алысқа қатынайтын ұлттық пойыздар немесе басқа да жүйдек пойыздар болсын, әлде аймақтық бағыттар болсын, бұл абонемент сапарлар санын, қызмет көрсету класын және бағыттарды таңдауға мүмкіндік береді.

Ұлыбританияда BritRail Great Britain Pass абонементімен National Rail ұлттық операторының бүкіл желісі сіз үшін ашық болады. Ол екі ай ішінде кез келген күні жүруге мүмкіндік беретін икемді нұсқаларды да, сондай-ақ Англия, Шотландия және Уэльс аумағында бір ай ішінде таңдалған қатар келген күндерде үздіксіз жүруге арналған абонементтерді (бірінші немесе екінші класта) ұсынады. Бағалар 141 еуродан басталады.

Алайда туристердің жоспарына Еуропадағы рекордтық аптап кедергі келтіруі мүмкін.

;