Көлсай көлдері ұлттық паркінде сирек кездесетін құс байқалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: instagram.com/qazaqormany Фото: instagram.com/qazaqormany

"Көлсай көлдері" мемлекеттік ұлттық табиғи паркі аумағында ақбас тырнас байқалды, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

"Көлсай көлдері" мемлекеттік ұлттық табиғи паркі аумағында ақбас тырнас байқалды, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

"Көлсай көлдері" мемлекеттік ұлттық табиғи паркі аумағында сирек кездесетін жыл құсы – ақбас тырна (лат. Grus virgo) тіркелді. Бұл құсты парк инспекторы М. Доғаев байқап, тіркеуге алды", - делінген хабарламада.

Ақбас тырна – Қазақстанның Қызыл кітабына енген, ерекше қорғауға алынған құс түрі. Соңғы жылдары бұл түрдің саны қалпына келе бастағаны байқалады. Басқа тырна тұқымдастарына қарағанда, оның денесі кішілеу болып келеді. Олар 3 000 метрге дейінгі биіктікте орналасқан, маңайында өзен-көлі бар таулы аймақтарды мекендейді.
Жыл сайын қыркүйек-қазанда бұл құстар жылы жаққа қоныс аударады, ал наурыз-сәуірде қайтып келеді.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!

TengriTravel
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Иконка меню мобильная