Көмек қажет: Алматы Ботаникалық бағы қазақстандықтарға үндеу жасады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:depositphotos.com Фото:depositphotos.com

Алматы Ботаникалық бағы қазақстандықтарға құстарды тамақтандыруға көмектесуді өтінді, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Алматы Ботаникалық бағы қазақстандықтарға құстарды тамақтандыруға көмектесуді өтінді, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

Ұйым Instagram-парақшасында үндеу жариялады.

"Ботаникалық бақ қызметкерлері құстарға қысқы уақытта көмектеседі, өйткені жазда құстар бақтағы зиянкестермен күресуге жәрдемдеседі. 2024 жылы қала тұрғындарының көмегімен бақ аумағына 110 жемсауыт орнаттық. Енді бұл жемсауыттардың үнемі толтырылуы маңызды. Онымен бақ қызметкерлері мен келушілер айналысып жатыр, бірақ жем бәрібір жеткіліксіз. Сондықтан баршаңызды жыл сайынғы қысқы акцияға қатысуға және құстарға жем әкелуге шақырамыз", – делінген ұйым хабарламасында.

Ботаникалық бақтың есептеуінше, 20 келі астық қоспасы бір аптаға жетеді. Қаңтардың ортасынан наурыздың аяғына дейін шамамен 200 келі жем қажет болады.

"Жем күн сайын сағат 10:00-ден 18:00-ге дейін қабылданады. Жарамсыз жем қабылданбайды", – деп нақтылады ұйым өкілдері.

Ботаникалық бақ қызметкерлері құстарға қандай жем қажет екенін айтты.

"Құстар үшін тұзсыз және қуырылмаған шемішке мен дайын астық қоспалары қажет. Ең бастысы – олар иістенбеген болуы керек", – деп түсіндірді Ботаникалық бақ өкілі.

Ұйым өкілдері қала тұрғындары құстарға 20 келі жем бергенін хабарлады. Бірақ әлі де көп жем керек.

"Жемді қыс бойы қабылдаймыз, ал егер жем тым көп болып кетсе, бұл туралы әлеуметтік желідегі аккаунттарымызда міндетті түрде хабарлаймыз", – деп қосты Ботаникалық бақ өкілі.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!

TengriTravel
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Иконка меню мобильная